Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Үйреншікті жағдай». Аман Қонысбеков жеңілістен кейін шұғыл мәлімдеме жасады

04.08.2025, 21:16

Бұл шешіммен келіспейтінін анық білдірді.

«Үйреншікті жағдай». Аман Қонысбеков жеңілістен кейін шұғыл мәлімдеме жасады
бокс федерациясы

Бокстан Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионаты (U-22) жалғасып жатыр.

Кезекті жарыс күнін де ширек финалда отандасымыз Аман Қонысбеков (75келі) өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы бәсекеде төрешілердің шешімімен Шавкат Болтаев жеңіске жетті. Сөйтіп Аман Қонысбеков үшін Азия чемпионаты аяқталды.

Осыдан кейін Аман өзінің instagram парақшасында бұл шешіммен келіспейтінін анық білдірді.

«Барлығын Алла көріп тұр! Мен үшін бұл үйреншікті жағдай. Мен ондайға сынбаймын», - деді Аман Қонысбеков.

Сондай-ақ кешкі сессияда шыққан Нұрбек Мұрсал (70 келі) мен Санжарәлі Бегалиев (80 келі) және Темірлан Мұқатаев қарсыластарын ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Олардың қоржынында кем деген де қола жүлде бар. Ал 85 келіде бақ сынаған Азатбек Жолдасхан үндістандық боксшыға есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам