ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Қазақстанның жас боксшысы өзбек жігітін ұтып жеңісті бастап берді

08.08.2025, 16:48

Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Төртүбекке берді.

Қазақстанның жас боксшысы өзбек жігітін ұтып жеңісті бастап берді
Бокс федерациясы

Бангкоктағы World Boxing ұйымының жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатында 19 жасқа дейінгілер арасында алғашқы финалист анықталды.

60 келідегі Әділет Төртубек жартылай финалда өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновпен кездесті.

Үш раундқа созылған тартысты айқаста төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Төртүбекке берді. Осылайша қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін финалда бақ сынайды, ал қарсыласы Махмуджонов қола медальмен шектелді.

Бұл Бангкоктағы Азия чемпионаты — World Boxing ұйымы өткізген жастар арасындағы алғашқы құрлықтық дода.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×