
World Boxing ұйымы өткізіп жатқан алғашқы құрлық біріншілігі
Бангкоктағы World Boxing ұйымының жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатында 19 жасқа дейінгілер арасында финалға шыққандар анықталды.
Бангкок қаласында жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. 19 жасқа дейінгілер арасында жартылай финалдағы жекпе-жектер аяқталды.
Атапі айтсақ, ұлдар арасында 60 келіде Әділет Төртубек, 70 келіде Бейбарыс Әшірбай, 80 келіде Тимур Тайбеков, 85 келіде Нұрсұлтан Қыстаубай және 90 келідегі Расул Асанхан финалға шықты.
Қыздар арасында 57 келідегі Аяжан Ермек пен 80 келідегі Құралай Егінбайқызы чемпиондыққа таласады.
Айта кетейік, бұл чемпионат — World Boxing ұйымы ұйымдастырған жастар арасындағы Азия біріншілігінің тарихындағы алғашқы жарыс.