ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Жәнібек Әлімханұлы WBO басшысынан «Канелоны» беруді талап етті

09.08.2025, 01:40

«Канеломен» жұдырықтасқым келеді

Жәнібек Әлімханұлы WBO басшысынан «Канелоны» беруді талап етті
коллаж: 1bol.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альвареспен (63-2-2, 39 КО) жекпе-жек өткізуге ниетті екенін мәлімдеді.

Әлімханұлы әлеуметтік желідегі Х парақшасында Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) «Келесі жекпе-жекте Жәнібекті кіммен көргіңіз келеді?» деген жазбасына жауап берді.

«Мен «Канеломен» жұдырықтасқым келеді!» — деп жазды Жәнібек.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Ал Сауль Альварес суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы. Қыркүйек айында «Канело» америкалық боксшы Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 КО) супержекпе-жек өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×