Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Мені кемсітіп келеді»: Ангелина Лукас Президенттен көмек сұрады (ВИДЕО)

10.08.2025, 17:50

Ангелина Лукас әлі күнге дейін ресми марапат пен құттықтау алмағанын айтты

«Мені кемсітіп келеді»: Ангелина Лукас Президенттен көмек сұрады (ВИДЕО)
әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас бірнеше жылдан бері өзіне қарсы ақпараттық шабуыл жүріп жатқанын айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады.

Ол Мемлекет басшысынан абсолютті чемпион атағына жету жолында қолдау көрсетуін сұрады.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізге бірнеше жылдан бері кездесіп келе жатқан күрделі жағдай туралы айтқым келеді. Ұзақ уақыттан бері еліміздегі кейбір бұқаралық ақпарат құралдары менің жеңістерімді елеусіз қалдырып, жетістіктерімді әдейі кемсітіп көрсетіп келеді. Осының бәрі сіз, Мемлекет басшысы, менің спорттық табыстарымнан хабардар болмауыңыз үшін жасалып отыр деп ойлаймын. Басқа амалым қалмаған соң, сізге тікелей жүгінуге мәжбүр болып отырмын. Бұл – менің жан айқайым.

Кәсіби спорттағы жылдарымда талай мықты қарсыластарды, оның ішінде әлем чемпиондарын жеңдім. Қазір мен екі бірдей әлемдік рейтингке еніп, абсолютті чемпион атағына таласуға міндетті №1 үміткер атандым. 7 тамызда Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) ресми түрде мені әлемдік рейтингтің көшбасшысы деп жариялады. Бұл – тек менің жеке жетістігім ғана емес, Қазақстан боксының халықаралық деңгейде мойындалуы. Менің жеңістерімнің қатарында 22 рет жеңіске жеткен аргентиналық көп дүркін әлем чемпионы Дебора Лопес, 48 жекпе-жек өткізген мексикалық әлем чемпионы Ана Арассола және әлем чемпионы Даниэла Асенхо бар. Мұндай нәтиже еліміздің әйелдер боксы тарихында бұрын-соңды болмаған.

Әлемдік аренада ел туын көтеріп, ең жоғары атаққа ұмтылған спортшы үшін отанынан қолдау сезіну – ең үлкен қуат. Бірақ барлық жеңістерім мен жетістіктеріме қарамастан, әлі күнге дейін ешқандай ресми марапат та, тіпті құттықтау да алған жоқпын.

Сондықтан осы жағдайға назар аударып, абсолютті чемпион атағына жету жолында қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Бұл – тек менің емес, бүкіл Қазақстанның тарихқа ену мүмкіндігі. Сіз бір сұхбатыңызда әлеуметтік желілерде белсенді екеніңізді және халықтың өтініштеріне әрдайым ашық екеніңізді айтқан едіңіз. Сіздің қолдауыңызға зор үміт артамын.

Сондай-ақ, мені әрдайым қолдап келе жатқан барлық жанкүйерлеріме, демеушілеріме және жазылушыларыма шын жүректен алғыс айтамын. Рахмет! Пікірлерде Президентімізді белгілеп отыруларыңызды сұраймын – маған сіздердің қолдауларыңыз қажет», – делінген үндеуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 6
Күлкілі 2
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам