ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Қарағандылықтар екі дүркін әлем чемпионына 18,5 миллион теңгенің көлігін сыйлады

Бүгін, 12:01

Қазақстандық чемпион бүгінгі күнге дейін 115 мың доллардан астам қаржыға қол жеткізді

Қарағандылықтар екі дүркін әлем чемпионына 18,5 миллион теңгенің көлігін сыйлады
Фото: instagram.com/yeldos_saidalin/

Қазақстандық боксшы, екі мәрте әлем чемпионы Аида Әбікеева Ливерпульде өткен Әлем чемпионатында кезекті алтын жүлдесі үшін туған жерінде көлік мінді.

Қарағандыда өткен марапаттау рәсімінде спортшыға жаңа KIA жол талғамайтын автокөлігі табысталды. Мұндай көліктің орташа құны – шамамен 18,5 миллион теңге.
Сонымен бірге оның жеке бапкері Ислам Абдраимовқа 5 миллион теңгелік сертификат берілді.

Аида 2025 жылдың наурызында Сербияның Ниш қаласында IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында 63 келіге дейінгі салмақта алтын иеленген.

Ал Ливерпульде өткен додада 65 келіге дейінгі салмақта тағы да жеңіске жетті.

 Финалда Өзбекстан спортшысы Навбахор Хамидовамен кездесіп, шешуші раундта жеңісті жұлып алды.

Қаржылай табысы

  • Мемлекеттен – 15 мың доллар (шамамен 8 млн теңге);
  • Ай сайынғы төлем – 511 мың теңге, бапкеріне – 255 мың теңге;
  • ҚР Бокс федерациясының марапаты – 100 мың доллар.

Осылайша, қазақстандық чемпион бүгінгі күнге дейін 115 мың доллардан астам қаржыға, тұрақты ай сайынғы жәрдемақыға және жаңа автокөлікке қол жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам