ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Супержұлдызбын ғой»: Екатерина Бивол Қазақстанда қылмыстық іс қозғалуына байланысты пікір білдірді

05.11.2025, 16:01

Бұған дейін Бивол Instagram парақшасында түрлі ұлт өкілдерін, соның ішінде қазақтар мен қырғыздарды балағаттап, қорлайтын бейнероликтер жариялаған болатын

«Супержұлдызбын ғой»: Екатерина Бивол Қазақстанда қылмыстық іс қозғалуына байланысты пікір білдірді
әлеуметтік желі

Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Бивол Қазақстан мен Қырғызстан билігінің өзіне қатысты қабылдаған шараларын келеке етті.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты қазақстандық сайттар жариялаған материалдардың скриншоттарын бөлісіп, Қазақстан заңнамасын бұзғаны үшін қолданылып жатқан шараларға қатысты пікір білдірді. Бұл шаралар оның қазақтар мен қырғыздарды қорлайтын сөздерінен соң қолға алынды.

«Қараңыздаршы, бұларды ең қатты толғандыратыны осы екен! Иә, мен супержұлдызбын ғой», – деп жазды Бивол өзінің Telegram-арнасында.

25 қазан күні Қырғызстанның ІІМ, ал 31 қазанда Қазақстанның ІІМ Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғады. Екі елде де оған халықаралық іздеу жарияланып, қамауға алу туралы ордер берілді.

Бұған дейін Бивол Instagram парақшасында түрлі ұлт өкілдерін, соның ішінде қазақтар мен қырғыздарды балағаттап, қорлайтын бейнероликтер жариялаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам