ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Оқырмандар Назым Қызайбайға имиджін қалай өзгерту керектігін айтты

13.11.2025, 10:41

Спортшы оқырмандарынан кеңес сұрады

Оқырмандар Назым Қызайбайға имиджін қалай өзгерту керектігін айтты
әлеуметтік желі/Назым Қызайбай

Қазақстанның танымал боксшысы, әуесқойлар арасында үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай образын өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы спортшы өз парақшасында жазып, оқырмандарынан кеңес сұрады.

«Ұзын шашпен жүру қолайсыз – үнемі жинауға тура келеді. Енді қысқа етіп қидырғым келеді. Қайсысы жақсы деп ойлайсыздар: каре ме, әлде муллет пе?» – деп жазды Назым.

Боксшының айтуынша, белсенді спорттық өмір салтына сай ыңғайлы әрі қарапайым стиль іздеп жүр. Осы жазбадан кейін жанкүйерлер арасында қызу талқылау басталған: бірі спортшыға каре жарасатынын айтса, енді бірі оның мінезіне муллет үйлеседі деген пікірде.

Көпшілік Назымның бұл шешімін батыл қадам деп бағалап, жаңа бейне оның рингтегі қайсар мінезін толық аша түсетініне сенім білдірді.

Назым Қызайбай – әлем чемпионаттарында үш мәрте алтын медаль жеңіп алған алғашқы және әзірге жалғыз қазақстандық боксшы. Назым алғаш рет бұл атаққа 2014 жылы қол жеткізсе, 2016 жылы өз жетістігін қайталады. Ал 2025 жылы үшінші рет мықтылығын дәлелдеді.

Сонымен қатар 2024 жылғы Париж Олимпиадасында 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, қола медаль иегері атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам