ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Костя Цзюдің ұлы Жәнібек Әлімханұлымен бір рингке шығуға ниет білдірді

14.11.2025, 17:09

Тим Цзю кубалық маман Педро Диаспен жұмыс істей бастады

Костя Цзюдің ұлы Жәнібек Әлімханұлымен бір рингке шығуға ниет білдірді
EPA / TASS

Аустралиялық боксшы, WBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Тим Цзю жылдың соңында рингке оралуға үмітті.

Жақында ол мансабын қайта жандандыру мақсатында бапкерлік құрамын толық өзгертіп, кубалық маман Педро Диаспен жұмыс істей бастады. Тимнің айтуынша, ол 2025 жылдың соңына дейін немесе 2026 жылдың басында бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

«Алдағы бірнеше аптада қарсылас бойынша нақты шешім шығады деп үміттенеміз. Жыл соңына дейін немесе келесі жылдың басында рингке оралғым келеді. Жаңа бапкермен жұмыс істеп жатырмын, сондықтан жаттығуда меңгергенімізді көрерменге көрсетуді асыға күтемін», – дейді Цзю Boxingscene.com басылымына берген сұхбатында.

Тим Цзюдің рингке оралуы мүмкін күндердің бірі – 6 желтоқсан. Дәл осы күні Premier Boxing Champions Сан-Антониода PPV форматындағы бокс кешін өткізеді. Бағдарламаның бас жекпе-жегі Исаак Крус пен Ламонт Роучтың айқасы болса, басты бәсеке орта салмақтағы үш чемпиондық белбеуді біріктіретін Жәнібек Әлімханұлы – Эрисланди Лара дуэлі болмақ.

Бұдан бөлек, Тим Цзюмен серіктес No Limit промоутерлік компаниясы 16 қаңтарда Брисбенде жеке бокс кешін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл шарада Тимнің інісі Никита Цзю отандасы Майкл Зерафамен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам