Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Қайрат» «Арсеналға» екі гол соғып, Чемпиондар лигасын аяқтады

29.01.2026, 08:37

Лондонның әйгілі «Арсенал» клубына 2:3 есебімен жол берді

«Қайрат» «Арсеналға» екі гол соғып, Чемпиондар лигасын аяқтады
instagram.com/f.c.kairat

Қазақстандық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі сегізінші турда Лондонның әйгілі «Арсенал» клубына 2:3 есебімен жол берді.

Ойынның 2-минутында «Арсенал» сапынан Виктор Дьёкереш мергендік танытып, есеп ашты. Дегенмен «Қайрат» тез жауап қатты: 7-минутта айып алаңындағы ереже бұзудан кейін Жоржиньо пенальтиден дәл соғып, таразы басын теңестірді.

Алайда бірінші таймның ортасында лондондық клуб қайта басымдыққа ие болды — Кай Хаверц 15-минутта гол соқса, 33-минутта Габриэл Мартинелли есепті ұлғайтып, «Арсеналды» алға шығарды.

Екінші кезеңде алматылық команда қарсыласқа лайықты қарсылық көрсеткенімен, шешуші сәттерде дәлдік жетіспеді. Ал матчтың ең соңында, 93-минутта «Қайрат» сапынан Рикардиньо гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.

Айта кетейік, маусым бойы «Арсеналға» екі голды тек екі команда ғана салған болса, «Қайрат» лондондық клуб қақпасына бір ойында-ақ екі рет дәл соққы жасап, сенсациялық көрсеткіш тіркеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 2
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам