ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Барымызды салдық»: Уразбахтин «Левскимен» ойыннан кейін пікір білдірді

Бүгін, 12:16

Бапкер «Қайраттың» «Левскимен» ойында кем дегенде бір гол соғуға лайық болғанын атап өтті

«Барымызды салдық»: Уразбахтин «Левскимен» ойыннан кейін пікір білдірді
ФК "Қайрат"

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Левскиге» қарсы қарымта кездесуден кейін ойынға баға берді.

Түркістандағы «Түркістан Аренада» өткен матчта болгариялық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті. Софияда өткен алғашқы кездесуде де «Левски» дәл осындай есеппен басым түскен болатын. Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша «Қайрат» 0:2 есебімен жеңіліп, Чемпиондар лигасындағы жолын аяқтады.

Уразбахтин ең алдымен командаға қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

«Бірінші кезекте бүгін бізді қолдауға келген жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Олар керемет атмосфера қалыптастырды. Өкінішке қарай, оларды жеңіспен қуанта алмадық. Әрине, өкінішті, көңіліміз түсті. Барымызды салдық», – деді бас бапкер.

Бас бапкер «Левскиден» жеңілгеніне қарамастан, команданың алдында маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Қақпаға қанша соққы жасағанымызды ескерсек, кем дегенде бір гол соғуға лайық болдық деп есептеймін. Бірақ, өкінішке қарай, оны жүзеге асыра алмадық. Алда бізді өте маңызды матчтар күтіп тұр. Қазақстан чемпионатындағы ойындар да, Еуропа лигасының негізгі кезеңіне шығу үшін өтетін еурокубок кездесуі де бар. Әрине, біраз уайымдадық, бірақ енді алға жылжу керек. Мұндай ойындар бізге тәжірибе береді. Сол тәжірибе алдағы уақытта көмектеседі деп үміттенемін», – деді ол.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам