ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Реалға» қарсы ойында Шерхан Қалмырзаға сенім арту керек – сарапшы

22.09.2025, 10:35

Испандық танымал сарапшы қазақстандықты шетелдік қақпашылармен салыстырды

«Реалға» қарсы ойында Шерхан Қалмырзаға сенім арту керек – сарапшы
әлеуметтік желі

Испандық танымал сарапшы әрі Marca басылымының журналисі Давид Руис қазақстандық жас қақпашы Шерхан Қалмырзаның алдағы «Реалға» қарсы ойынына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, 18 жастағы голкипердің басты матчта алаңға шығуы ешқандай күмән тудырмауы тиіс.

«Қалмырзаның «Реалға» қарсы негізгі құрамда ойнауы қалыпты құбылыс ретінде қабылдануы керек. Бұған мысалдар жеткілікті. Мәселен, осы турнирде мадридтіктердің қақпасына 19 жасында-ақ Лерой Сане гол соққан. Ал 2002 жылғы финалда «Глазгода» қақпаны қорғаған Икер Касильяс та жас еді. Сол сияқты «Шальке» түлегі Месут Озил «Местальяда» өз ойынымен «Реалдың» назарын аудартқан. Ол кезде Озилдің жасы дәл Шерханның жасымен шамалас болатын. Сондықтан уайымдауға негіз жоқ», – деп атап өтті Руис.

«Қайраттың» жас қақпашысы Лиссабонда өткен «Спортингке» қарсы ойында пенальтиді қайтара отырып, Чемпиондар лигасының жылнамасына енді. Ол – турнир тарихында он сегіз жасқа жетпей-ақ 11 метрлік соққыны қайтарған ең жас голкипер.

Айта кетейік, «Қайрат» Еуропа футболындағы ең атақты клубтардың бірі, Чемпиондар лигасының рекордтық иегері «Реал Мадридпен» 30 қыркүйекте кездеседі. Команданың негізгі қақпашылары Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алып қалғандықтан, қақпаны 18 жастағы Шерхан Қалмырза қорғайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×