ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Дэвид Бекхэм Чемпиондар лигасының жеңімпазы кім болатынын айтты

22.09.2025, 15:24

Бұл клуб Чемпиондар лигасында қалай жеңу керегін жақсы біледі

Дэвид Бекхэм Чемпиондар лигасының жеңімпазы кім болатынын айтты
Фото: ©instagram.com/davidbeckham

Ағылшын футболының аңызы, бұрынғы әйгілі жартылай қорғаушы Дэвид Бекхэм 2025/26 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының басты трофейін қай клуб иеленуі мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды GiveMeSport.

«ПСЖ-ның құрамы өте мықты, олар тағы да финалға жақын болады. Бірақ нақты жеңімпазға келсек, менің таңдауым — «Реал Мадрид». Бұл клуб Чемпиондар лигасында қалай жеңу керегін жақсы біледі», – деді Бекхэм.

Маусымның алғашқы ойындары-ақ тартысты басталғанын көрсетті: «Реал» өз алаңында «Марсельді» 2:1 есебімен жеңсе, ПСЖ «Аталантаны» 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Сарапшылар екі алпауыттың маусымдағы басты қарсыласуын асыға күтуде.

 Еске салайық, Дэвид Бекхэм ойыншы ретінде футбол тарихында өшпес із қалдырған. Ол «Манчестер Юнайтедпен» алты мәрте Англия чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында жеңіске жетті. Кейін «Реал» сапында Испания чемпионы, сондай-ақ Франция мен АҚШ-та да ұлттық біріншілікте топ жарған.

2007–2012 жылдары АҚШ-тың «Лос-Анджелес Гэлакси» клубында өнер көрсетіп, екі рет MLS чемпионы атанды.

Қазір Бекхэм «Интер Майами» клубының иесі. Дәл осы команда 2023 жылы әлем футболының жұлдызы Лионель Мессиді өз сапына қосты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×