ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Қайрат» – «Реал» ойынына қытайлықтар миллиондаған теңге жұмсады

23.09.2025, 13:01

Қытайлықтар 1000-ға жуық билет сатып алған

«Қайрат» – «Реал» ойынына қытайлықтар миллиондаған теңге жұмсады
ФК «Қайрат»

Қазақстандық бұрынғы қақпашы Самат Отарбаев әлеуметтік желідегі жазбасында Қытайда УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесуге 1000-ға жуық билет сатылғанын хабарлады.

«22 қыркүйек күні Қытай жанкүйерлерінің «Қайрат» – «Реал» ойынына 1000 билет сатып алғаны туралы естідім. Олар ресми сатылым басталмай тұрып, клуб басшылығы арқылы алған көрінеді. Ресми дерек қолымда жоқ, бірақ бұл – көптен күткен билеттерге қол жеткізудің бейресми жолы болуы мүмкін. Бір жанкүйерге арналған толық пакет құны – 30 000 юань (ұшақ билеті, қонақүй, тамақ). Бұл шамамен 2,31 миллион теңге», – деп жазды Отарбаев Threads әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының екінші турындағы «Қайрат» – «Реал» матчы 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.

Қазақстандағы жанкүйерлер үшін билеттердің ресми сатылымы 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×