ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Орталық стадион Чемпиондар лигасына дайын ба?

25.09.2025, 16:44

Рафаэль Уразбахтин: Газон тым нашар деп айтуға келмейді

Орталық стадион Чемпиондар лигасына дайын ба?
әлеуметтік желі

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Алматыдағы Орталық стадионның газон жағдайына тоқталды. Бұл туралы inform.kz тілшісі жазды.

Уразбахтиннің айтуынша, газонның сапасы жаман емес. Ол жақында стадионда өткен Backstreet Boys тобының концертіне байланысты алаң уақытша жабылғанына қарамастан, агрономдар барынша күш салып, газонды қалыпқа келтіру үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Газон тым нашар деп айтуға келмейді. Стадион агрономдары қысқа мерзім ішінде қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр. Тіпті жазғы маусымда «Селтикпен» және «Слованмен» өткен кездесулермен салыстырғанда, алаң айтарлықтай жақсарған. Жергілікті мамандардың айтуынша, «Реалмен» болатын ойынға дейін газон одан да жақсы күйге жетеді», — деді Уразбахтин.

Сонымен қатар ол ойын барысында ешқандай қиындық туындамауы тиіс екенін жеткізді:

«Әрине, газон бұдан да жақсы болуы мүмкін, бірақ қазіргі сапасы да жаман емес», — деді ол.

Испандық клуб ойыншыларына қатысты пікір білдірген бас бапкер, «Реал» футболшылары үшін Алматыдағы алаң ешқандай тосын жағдай тудырмайтынын алға тартты:

«Реалдың» ойыншылары — жоғары деңгейлі футболшылар. Сондықтан олардың Алматыдағы Орталық стадионның газонында ойнауы ешқандай мәселе тудырмайды деп ойлаймын», — деді Рафаэль Уразбахтин.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам