ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Алматыға Мбаппе, Винисиус, Вальверде мен Куртуа келеді

26.09.2025, 15:18

Нәтиже тұрғысынан алғанда бұл «Қайрат» үшін онша жағымды жаңалық емес

Алматыға Мбаппе, Винисиус, Вальверде мен Куртуа келеді
әлеуметтік желі

«ЖаркOFF» Telegram-арнасы Алматыға «Қайраттың» барлық жұлдызы келетінін жазды.

Ол  УЕФА-дағы дереккөзге сілтеме жасап, «корольдік клубтың» хаттамасында барлық жұлдыздары (әрине, жарақаты жоқтары) енгізілгенін хабарлады.

Атап айтқанда, құрамда Тибо Куртуа, Килиан Мбаппе, Винисиус, Федерико Вальверде, Арда Гүлер, Родриго және басқа да ойыншылар бар.

«Мен бұл тізімді өз көзіммен көрдім, бірақ оны жариялауға құқым жоқ. Дегенмен растай аламын және айтқаныма жауап беремін», – деп жазды дереккөз.

Әрине, нәтиже тұрғысынан алғанда бұл «Қайрат» үшін онша жағымды жаңалық емес. Бірақ, екінші жағынан, әлемнің үздік ойыншыларының Алматыға келуі – қала тұрғындары мен барша қазақстандық футбол жанкүйерлеріне зор сыйлық.

«Қайрат» пен «Реал» арасындағы матч 30 қыркүйекте өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам