ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Интер» мен «Қайрат» матчында кім жеңетіні айтылды

30.10.2025, 12:21

Кездесу қарашаның 5-інен 6-сына қараған түні атақты «Сан-Сиро» стадионында өтеді

«Интер» мен «Қайрат» матчында кім жеңетіні айтылды
offside.kz

DAZN стримингтік платформасы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда өтетін миландық «Интер» мен алматылық «Қайрат» арасындағы ойынға өз болжамын ұсынды.

Кездесу қарашаның 5-інен 6-сына қараған түні атақты «Сан-Сиро» стадионында өтеді. DAZN сарапшылары бұл ойында алаң иелері ірі есеп айырмашылығымен жеңіске жетеді деп санайды. 

«Биылғы маусымда «Интердің» шабуылы ерекше қарқынға ие – шабуылшылар тұрақты түрде гол соғып жүр. Сол үрдіс «Қайратқа» қарсы матчта да қайталанады деп болжанып отыр. Болжам: «Интер» – «Қайрат» – 3:0», – делінген жарияланымда.

Еске сала кетсек, бұған дейінгі турларда «Қайрат» Лиссабонның «Спортингіне» 1:4 есебімен, «Реалға» 0:5 есебімен есе жіберіп, ал Алматыда «Пафоспен» 0:0 есебімен тең түскен болатын. Осылайша, алматылық ұжым Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайына иелік етті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам