Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«ІВА-ның быт-шыты шықты». Бокс маманы Головкиннің ұсынысына қатысты пікір білдірді

15.07.2024, 16:32

Манкенов Кремлевтің басты қателігін де айтты

«ІВА-ның быт-шыты шықты».  Бокс маманы Головкиннің ұсынысына қатысты пікір білдірді
Sports.kz

Жақында шетелдік басылымдардың біріне Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы, танымал боксшы Геннадий Головкин Қазақстан IBA-ден шығуы керек деп сұхбат берген еді. Бұл пікірге қатысты сарапшылар да ой қосып жатыр. Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының бас хатшысы Болат Манкеновтен Головкиннің бұл бастамасы жайлы пікірін білдік.

«Толық қолдаймын. Біз АИБА-да өскен баламыз. 100 жылдан астам уақыт бойы қаншама адам сонда жұмыс істеді. Талай аңыз адаммен таныстық. 1980 жылдардан кейін біртін-біртін өзгерістер енгізіле бастады. Бірде шлем кигізді, бірде шешті, екі минуттан бес раунд болды. Үш минут деп өзгертті. Түрлі экспериментті жасап-жасап, ақыр соңында ғасырдан астам тарихы бар ұйымды жоқ қылды. Бұл енді Шығыстың адамдарының тірлігі. Алдымен пәкістандық Анвар Чаудри бастады. Марқұм иманды болсын! Одан кейін Чинг-Куо Ву бұл «үрдісті» жалғастырды. Құрдасым «Шығыста ешқашан футбол дамымайды, себебі ешкім бір-біріне пас бермейді» деп айтушы еді. Енді, міне, Ресей азаматы, ұлты тәжік Умар Кремлев келді. Ол ІВА деп атауын өзгертті, кәсіпқой боксқа кірісіп кетті. Кәсіпқой бокстан әуеқой боксқа барғанда талай рет кемшіліктерін айттым, өйткені ережелері жыл сайын өзгеріп отырады. Сонда бәрі мені жақтырмайтын. Осы мәселені Лозаннада өткен жиналыста көтергенмін, бұл сөздерім ұзамай, біздің басшылыққа шағымданыпты. Міне, АИБА-ны құрдымға кетірді», - деді Манкенов.

Бокс маманы Кремлевтің басты қателігін де айтты. Оның жарғыны бұзуы ұйымның да, спортшылардың да тағдырына әсер етті деп отыр.

«Кремлев келген соң жарғыны бұзбауы керек еді. Себебі жарғы бойынша Ресей мен Беларусь боксшыларына ешқандай тыйым жоқ еді. ХОК басшылығында кім отырса да ереже бұзғандарға қатысты шара қолданады, - дейді ол.

Сонымен қатар ережелердің жиі өзгеруі спортшыларды зорықтырып, жанкүйерлер қызығушылығын төмендетті деп санайды. 

«70-80-жылдардағы ережелерді енгізетін шығар. Күнтізбенің де быт-шыты шықты. Бұрын төрт жылда бір рет Олимпиада ойындары өтсе, төрт жылда бір рет әлем біріншілігі ұйымдастырылды. Екі жыл сайын құрлық чемпионаттары өтті. Ал қазір көбейіп кетті. Жекпе-жек болғандықтан, спортшылардың жарақат алатыны бар, болдырып қалады дегендей. Одан қалды агрессия артты. Ребрендинг деген де сәнге айналды. Соның бәрі боксқа кері әсерін тигізіп жатыр. Біздің кезде А санатындағы турнир деген болатын, стадион деген толып отырады. Ереже де, бокс қолғаптары да – бәрі жақсы болды. Қазір Олимпиада ойындарын қарасаң, бокс жарыстарында аренада адам жоқ, қатысушылар ғана жүреді», - дейді Болат Манкенов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам