ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Боксшы Аида Әбікеева мен футболшы Дастан Сәтпаев «Дарын» сыйлығының иегері атанды

Бүгін, 14:56

Жалпы биыл сыйлыққа 300-ден астам үміткер ұсынылып, олардың 294-і комиссияда қаралды.

Боксшы Аида Әбікеева мен футболшы Дастан Сәтпаев «Дарын» сыйлығының иегері атанды
бокс

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Олардың арасында бокстан әлем чемпионы Аида Әбікеева мен футболшы Дастан Сәтпаев бар.

Жалпы биыл сыйлыққа 300-ден астам үміткер ұсынылып, олардың 294-і комиссияда қаралды.

Аталмыш байқау жеңімпаздары «Ғылым» номинациясы бойынша 64, «Дизайн және бейнелеу өнері» – 19, «Спорт» – 27, «Театр және кино» – 41, «Эстрада» – 13, «Журналистика» – 16, «Халық шығармашылығы» – 41, «Қоғамдық қызмет» – 31, «Әдебиет» – 15, «Классикалық музыка» – 27 үміткердің арасынан таңдалды.

Комиссияның құрамында 37 мүше болды. Олардың қатарына депутаттар, саясаткерлер, қоғам белсенділері, мәдениет, өнер, медиа және спорт қайраткерлері енді.

«Спорт» аталымында әйелдер арасында бокстан екі дүркін чемпион Аида Әбікеева мен футболшы Дастан Сәтпаев жеңіске жетті.

Айта кетейік, 2025 жылы Аида Әбікеева Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өткізген әлем чемпионатында топ жарған еді. Биыл Англияда өткен World Boxing біріншілігінде ол әлемнің үздігі мәртебесін тағы растады.

Ал 17 жастағы Дастан Сәтпаев биыл «Қайраттың» үздік сұрмергені атанды. Алматы клубымен ел чемпионы болды. Чемпиондар лигасында командасының жалпы кезеңге шығуына орасан зор үлес қосты.

Еске салсақ, «Дарын» сыйлығы 1992 жылы талантты жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі мен спорттағы жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында құрылған.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам