Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Мақсатым – Олимпиада медалі»: Азия ойындарының чемпионы атанған Қытай қазағы

21.02.2025, 14:50

Ол Харбинде екі бірдей медаль жеңіп алған болатын

«Мақсатым – Олимпиада медалі»: Азия ойындарының чемпионы атанған Қытай қазағы
Синьхуа

Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында чемпион атанған Қытай қазағы Қанағат Мұхаммедұлы алдағы жоспарларымен бөлісті. 

Еске салайық, Азия ойындарына Қытай атынан этникалық төрт қазақ қатысып, олардың бәрі де жеңіс тұғырынан көрінді.

«Қысқы Азия ойындары соңғы меже емес. Бұл – жаңа бастама. Болашақта мен ең алдымен өзімді жеңу үшін бар күшімді саламын. Сондай-ақ, алда қандай қиын жол болса да, жауапкершілікпен нық жүруді жалғастырамын. Алда жарыс көп. Басты мақсат – Миланда өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алып, жеңіс тұғырына көтерілу», - деді Қанағат.

Ол өзін қолдаған туыстарына және командаластарына алғыс айтты. Сондықтан бұл жүлде баршамызға ортақ дейді ол.

«Осы маусымда көп сынақты бастан өткердім, бірақ әрбір табандылық пен күш-жігер мені одан әрі төзімді етті. Мені қолдаған басшыларға және жаттықтырушыларға алғысымды білдіремін. Сонымен қатар,  әріптестерімді тамаша нәтижелерімен құттықтағым келеді», - деп пікірін білдірді ол 1bol.kz тілшісіне.

Айта кетейік, Қанағат Мұхаммедұлы Азия ойындарында конькимен жүгіруден 2 медаль жеңіп алды. Алдымен 5000 метр қашықтықта жүгіруде ол қолаға қол жеткізсе, командалық сайыста бірінші келді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам