Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Сабыржан Аққалықов екінші қарсыласын жеңіп, өзбекстандық әлем чемпионымен кездесетін болды

Бүгін, 00:47

Жаңа Зеландия боксшысы Тавхириматеа Тохерири-Халлетпен жұдырықтасты

Сабыржан Аққалықов екінші қарсыласын жеңіп, өзбекстандық әлем чемпионымен кездесетін болды
бокс федерациясы

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов кезекті сенімді жеңісіне қол жеткізді.

75 келі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Аққалықов Жаңа Зеландия боксшысы Тавхириматеа Тохерири-Халлетпен жұдырықтасып, үш раундтың барлығында басымдық көрсетіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Төрешілердің бірауызды шешімімен отандасымыз ширек финалға жолдама алды. Ал қарсыласы турнир жолын осы кезеңде аяқтады.

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов өзінің алғашқы жекпе-жегінде Сейшель аралдары өкілі Джошуа Аарон Кузинді екінші раундта нокаутқа жіберіп, айқын басымдықпен жеңген болатын.

Келесі кезеңде 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы Аққалықов өзбек боксшысы, World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы Фазлиддин Эркинбоевпен кездеседі.

2025 жылғы әлем чемпионаты 4/13 желтоқсан аралығында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам