Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Спорт министрлігіндегі шенеуніктің әйелі қызметтік көлікті мас күйінде жүргізіп ұсталды

Бүгін, 12:07

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаевтың жұбайы

Спорт министрлігіндегі шенеуніктің әйелі қызметтік көлікті мас күйінде жүргізіп ұсталды
ә

 

Павлодар соты «Еңбек мобильділігі орталығы» мекемесінің директоры Меруерт Есембаеваны кінәлі деп таныды. Өйткені ол көлікті мас күйінде жүргізгенін анықтау рәсімінен өтуден бас тартқан. Сот шешімімен ол сегіз жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы Nege.kz хабарлады.

Оқиға 2026 жылғы 22 ақпанға қараған түні болған. Сот материалдарына сәйкес, Есембаева қызметтік Chery Tiggo 7 Pro автокөлігімен келе жатып, полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған. Біраз уақытқа созылған қудалаудан кейін ол ұсталды.

Меруерт Есембаева – Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаевтың жұбайы. Сот барысында оның ресми түрде декреттік демалыста жүргеніне қарамастан қызметтік автокөлікті пайдаланғаны анықталды.

Сотта айыпталушы мен оның қорғаушылары әйелдің өзін нашар сезінгендіктен алкогольге тексеруден өте алмағанын айтқан. Алайда полиция қызметкерлерінің бейнетіркегіштерінен және медициналық куәландыру орталығындағы камералардан алынған бейнежазбалар бұл уәждерді растамады.

Материалдарға сәйкес, Есембаева дәрігердің қолын итеріп, бейәдеп сөздер айтып, медицина қызметкерлеріне дөрекі сұрақтар қойған. Сондай-ақ алкотестерге дәрігердің өзі үрлесін деген ұсыныс айтқан. Ол бірнеше рет өз түсініктемесін өзгертіп, бірде оң, бірде сол бүйірі ауырып тұрғанын айтып шағымданған және куәгерлерді шақыруды талап еткен.

Полиция қызметкерлері көлік ішінде тәртіпсіздік болғанын, салонда ашық сыра банкасы мен чечил ірімшігі болғанын да мәлімдеді.

Кейін Есембаева жедел жәрдем шақырып, медициналық куәландырудан өтпестен орталықтан ауруханаға кетіп қалған. Алайда сот оның өзін жайсыз сезінуі тек тексеруден жалтару әрекеті болған деген қорытындыға келді.

Сот оның төрт кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескеріп, әкімшілік қамау қолданбады. Дегенмен көлік жүргізу құқығынан сегіз жылға айырды.

Сонымен қатар судья А. С. Адамжанова Павлодар облысының әкіміне жеке қаулы жолдады. Өңір басшылығына бір ай ішінде декреттік демалыстағы қызметкердің қолына қызметтік автокөлік қалай берілгенін анықтап, жауапты тұлғаларға қатысты шара қабылдау тапсырылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам