Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ертең Давид Лория қызметінен кетеді – БАҚ

Бүгін, 09:51

Жиын барысында Лорияның қызметтен кетуі туралы шешім қабылданады.

Ертең Давид Лория қызметінен кетеді – БАҚ
ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Давид Лория ертең, 11 наурыз күні қызметінен ресми түрде кетеді. Бұл туралы ASnews.kz басылымы хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, осы күні ҚФФ Атқару комитетінің кезектен тыс отырысы өтеді. Жиын барысында Лорияның қызметтен кетуі туралы шешім қабылданады.

Сонымен қатар, Атқару комитеті отырысында федерацияның бас хатшысының міндетін уақытша атқаратын тұлға тағайындалады.

Бұған дейін ҚФФ құрылымында вице-президент қызметін қайта енгізу жоспарланып отырғаны туралы ақпарат тараған еді. Аталған лауазым өткен жылы қысқартылған болатын.

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметіне 2025 жылдың 2 сәуірінде тағайындалған. Футболшы ретінде ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 46 матч өткізген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам