Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Бізді пайдаланды»: «Атырау» легионерлері ФИФА-ға шағымданбақ

18.12.2025, 20:47

Қазіргі таңда клуб тарапынан бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

«Бізді пайдаланды»: «Атырау» легионерлері ФИФА-ға шағымданбақ
ФК "Атырау"

«Атырау» футбол клубы шетелдік ойыншыларына бірнеше айдан бері жалақы төлемей келеді. Бұл туралы ASnews.kz хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, клуб басшылығы 2025 жылдың қазан айынан бері легионерлер алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындамаған.

Сонымен қатар, Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалғаны үшін уәде етілген сыйақы (айлық көлеміндегі бонус) та шетелдік ойыншыларға берілмеген. Ал клуб қазақстандық футболшылар алдындағы қарызын толық жапқаны айтылады.

Африкалық легионерлердің бірі команданың WhatsApp чатында клуб басшылығына қатысты өткір мәлімдеме жасаған.

«Шыдамның да шегі бар. Біз олардың уәделеріне сеніп, өтірік екенін білсек те, уақыт бердік. Жетер енді! Барлығы команданың ҚПЛ-да қалуы үшін күресті, ал кейбіреулері тіпті бонустарынан бас тартты. Енді біз жалақымызды алуға тырысып жатырмыз, ал қазақстандық ойыншылар айлықтарын алып қойған ба? Бұл әділетсіз. Бапкер келесі маусымда кейбір ойыншылар қажет болады дейді, бірақ өзіңе тиесілі ақшаны алатыныңа қандай кепілдік бар? Мен оның сөздеріне сеніп шыдадым, бірақ бәрі бос уәде болып шықты. Бізді пайдаланды, сондықтан енді ақшамды басқаша жолмен талап етемін», – деп жазды футболшы.

Дереккөздердің мәліметінше, алданған легионерлер ұжымдық түрде ФИФА-ға шағым түсіруге дайындалып жатыр. Егер іс халықаралық ұйымға жетсе, «Атырауға» ауыр санкциялар қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда:

  • жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салу (трансферлік бан);

  • келесі маусымда ұпайдан қағу немесе өзге де жазалар.

Еске сала кетейік, «Атырау» өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 13-орын алып, элитада қалу үшін соңына дейін күресті. Команда 26 матчта 22 гол соғып, 45 гол жіберіп алды.

Қазіргі таңда клуб тарапынан бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам