Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

«Ресейден менеджер шақырған». Турлов сатып алғаннан кейін «Шахтер» клубында алауыздық күшейген

02.01.2026, 18:47

QJ League атқарушы директоры Александр Орловтың клуб жұмысына араласуы кейбір шешімдерде келіспеушілік туғызғаны айтылып отыр

«Ресейден менеджер шақырған». Турлов сатып алғаннан кейін «Шахтер» клубында алауыздық күшейген
Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандының Шахтёр клубында ішкі мәселелер ушығып барады. Бұл туралы Amanvibe арнасы жазды.

Бірінші лигада өнер көрсетіп жүрген клубты кәсіпкер Тимур Турлов сатып алғаннан кейін жаңа басшылық салтанатты түрде үлкен жоспарларын жариялаған болатын. Жуырда Қарағандыда өткен баспасөз мәслихатында клубтың асқақ мақсаттары таныстырылып, бас бапкер ретінде тәжірибелі қазақстандық маман Дмитрий Огай тағайындалғаны айтылды.

Алайда дереккөздердің мәліметінше, іс жүзінде клуб ішінде жағдай тұрақсыз. Командада түсініспеушіліктер мен даулар көбейіп, бас бапкер мен басшылық арасындағы қарым-қатынас күрделене түскен. Әсіресе, QJ League атқарушы директоры Александр Орловтың клуб жұмысына араласуы кейбір шешімдерде келіспеушілік туғызғаны айтылып отыр.

Сонымен қатар, жасөспірімдер футболын дамыту жобасы аясында Ресейден арнайы шақырылған маман команданың көптеген мәселесін бақылауына алуға тырысып жатқаны да жаттықтырушылар штабының мүддесімен әрдайым үйлесе бермейтіні атап өтілген.

Осы жағдайларға байланысты сарапшылар мен жанкүйерлер арасында:

«Осындай басқару үлгісімен «Шахтёр» қаншалықты алысқа  барады?» деген заңды сұрақ туындап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін қарағандылық клубтың жаңа маусымға жоспарлы дайындығын Шымкент қаласында бастайтыны хабарланған еді. Клубтағы ахуал алдағы уақытта қалай өрбитіні әзірге белгісіз.ф

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам