Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Мексикада футбол жанкүйерлеріне қарулы шабуыл жасалды

28.01.2026, 10:56

Шабуыл кезінде 11 адам қаза тапқан 

Мексикада футбол жанкүйерлеріне қарулы шабуыл жасалды
әлеуметтік желі

Мексикада футбол матчы өтіп жатқан алаңда қарулы адамдар оқ жаудырып, кемінде 11 адам қаза тапты. Тағы 12 адам түрлі жарақат алған. Бұл туралы Associated Press (AP) агенттігі жазды.

Қайғылы оқиға 25 қаңтар, жексенбі күні Гуанахуато штатына қарасты Саламанка қаласының шетінде орналасқан футбол алаңында болған көрінеді. Сол сәтте матч аяқталар сәтте атыс салдарынан 10 адам оқиға орнында көз жұмып, тағы біреуі ауруханада қайтыс болған. Жарақат алғандардың арасында әйел адам мен кәмелетке толмаған бала бар.

Саламанка қаласының мэрі Сесар Прието бұл шабуылды өңірді жайлаған «зорлық-зомбылық толқынының» бір бөлігі деп атап, Мексика президенті Клаудия Шейнбаумнан қылмысқа қарсы күресте көмек сұрағанын мәлімдеді.

«Билікті өз бақылауына алғысы келетін қылмыстық топтар бар, бірақ оларға жол бермейміз», – деді қала басшысы.

Гуанахуато штатының прокуратурасы оқиғаға қатысты тергеу бастағанын, қауіпсіздікті күшейту мақсатында федералдық билікпен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

AP мәліметінше, өткен жылы Гуанахуато штатында Мексика бойынша адам өлтіру оқиғалары ең көп тіркелген. Бұған негізінен «Санта-Роса-де-Лима» және «Халиско» есірткі картельдері арасындағы қақтығыстар себеп болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам