Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

4,5 млн еуро: Мбаппенің анасы «Реалдың» сегіз ойыншысынан да көп жалақы алады

09.02.2026, 17:22

Бұл оның таза табысы. 

4,5 млн еуро: Мбаппенің анасы «Реалдың» сегіз ойыншысынан да көп жалақы алады
Jose Hernandez / Anadolu via Getty Images

Мадридтің «Реал» клубы шабуылшы Килиан Мбаппенің анасы әрі агенті Файза Ламариге жылына 4,5 миллион еуро көлемінде жалақы төлейді. Бұл – салықтар шегерілгеннен кейінгі таза табыс.

A Bola мәліметінше, Ламаридің жылдық табысы «Реалдың» негізгі құрамындағы сегіз футболшының жалақысынан да жоғары. Атап айтқанда, Андрей Лунин, Фран Гарсия, Рауль Асенсио, Арда Гюлер, Франко Мастантуоно, Браим Диас, Гонсало Гарсия және Эндрик Мбаппенің анасынан аз айлық алады.

Файза Ламаридің жалақысы Мбаппенің жылдық еңбекақысының шамамен 30 пайызына тең. Франциялық шабуылшы бір маусымда 15 миллион еуро таза жалақы алады. Негізі Ламари ұлының табысының 50 пайызын алуды көздеген, өйткені ол Мбаппенің ресми менеджері. Алайда футболшы бұл талаппен келіспей, келіссөздер барысында өзіне тиімді шарттарды қорғап қалды.

27 жастағы Мбаппе «Пари Сен-Жерменнен» «Реалға» ауысқан сәттен бастап клубтағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың біріне айналды. Оның жылдық таза табысы 15-20 миллион еуро аралығында, ал бонустарды қоса есептегенде бұл сома 31,25-36 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар шабуылшы келісімшартқа қол қойғаны үшін бес жылда 100 миллион еуродан астам сыйақы алады.

Ал мұның артында Файза Ламари де тұрғанын айтпай кетпеске болмас. Себебі ол Мбаппенің трансферлік келіссөздерінде негізгі рөл атқарып, барынша тиімді шарттар жасауға үлес қосты. Соның арқасында Ламари агент ретінде де қомақты пайызға ие болып отыр.

Файза Ламари Мбаппенің мансабында тек агент емес, стратегиялық маңызды тұлға саналады. Ол ойыншының ПСЖ-мен болған дауына да тікелей араласып, нәтижесінде француз клубы футболшыға 60 миллион еуро көлемінде жалақы мен бонустарды төлеуге келісті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам