Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Ақтөбе» тізгінін украиналық бапкер ұстауы мүмкін

10.02.2026, 23:59

Бұған дейін ол «Карпаты» клубында жұмыс істеген. 

«Ақтөбе» тізгінін украиналық бапкер ұстауы мүмкін
instagram.com/ukrpremierleague

39 жастағы украиналық маман Владислав Лупашко «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері атануы мүмкін. Бұл туралы «Інсайди від Пасічника 2.0» телеграм-арнасы хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, бұған дейін кандидат ретінде аталған Виктор Скрипниктен бөлек, қазақстандық клуб бас бапкерлікке тағы бір үміткерді қарастырып отыр. «Ақтөбе» басшылығының тізімінде Владислав Лупашконың да есімі бар.

Айта кетейік, Львовтың «Карпаты» клубындағы қызметінен кеткен соң бұл маман «Руха» әйелдер командасын тізгіндеуі мүмкін деген де болжамдар айтылған. Скрипник пен Лупашкодан бөлек, үміткерлер тізімінде кемінде тағы екі маман бар екені айтылған.

Владислав Лупашко бапкер ретінде Петрово қаласының «Ингулец» және Львовтың «Карпаты» клубтарында жұмыс істеген. «Ингулецпен» бірге Украинаның бірінші лигасының чемпионы атанды. Ал «Карпатыды» баптаған тұста испаниялық вингер Пабло Альварес львовтық клубтан «Ақтөбеге» ауысқан болатын.

Лупашко Львов клубында 530 күн жұмыс істеп, осы уақыт аралығында команда 48 матч өткізді. Соның ішінде 17 ойында жеңіске жетіп, 14 кездесуде тең түссе, 17 матчта жеңіліс тапты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам