Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Ювентус» 68 жылда алғаш рет бір матчта бес гол жіберді

18.02.2026, 12:23

Түркияның «Галатасарай» клубы 5:2 есебімен ойсырата жеңді

«Ювентус» 68 жылда алғаш рет бір матчта бес гол жіберді
globallookpress.com

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Түркияның «Галатасарай» клубы алғашқы матчта туриндік Ювентус командасын 5:2 есебімен ойсырата жеңді.

Ыстамбұлдағы ойында алаң иелері сапында Габриэл Сара (15-минут), Ноа Ланг (49, 75), Давинсон Санчес (60) және Саша Боэ (86) гол соқты. «Ювентус» құрамынан Тен Копмейнерс (16, 32) дубль авторы атанды.

Енді қарымта матч 25 ақпанда Туринде өтеді. Аталған жеңіліс «Ювентус» үшін 68 жылдан бері еурокубоктардағы ең ірі сәтсіз ойын болды.

Opta мәліметінше, туриндік клуб УЕФА аясындағы ресми ойында соңғы рет 1958 жылдың 1 қазанында бестен көп гол жіберген. Сол кезде Еуропа чемпиондар кубогының алдын ала кезеңіндегі қарымта кездесуде италиялық команда австриялық «Винерге» 0:7 есебімен жол берген еді.

Сондай-ақ «Галатасарай» 2014 жылдан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде матч өткізіп отыр.

Айта кететін жайт, негізгі кезең қорытындысы бойынша «Ювентус» 13-орынға, ал «Галатасарай» 20-орынға тұрақтаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам