Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Давид Лория ҚФФ бас хатшысы қызметінен кетті

Бүгін, 16:00

Бас хатшы федерациядағы көптеген мәселелерге жетекшілік етеді және құжаттарға қол қою құқығына ие

Давид Лория ҚФФ бас хатшысы қызметінен кетті
ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы қызметінен кетті.

Дерекккөздерге сүйенсек, ҚФФ атқарушы комитетінің сырттай өткен дауыс беру қорытындысында 11 мүшенің 6-ы Лорияның қызметтен кетуін қолдаған. Оның ішінде 5 адам «жақтап», 3-еуі қарсы дауыс берсе, тағы 2 мүше қалыс қалған.

Бұл шешім қазақстандық футбол үшін маңызды саналады. Себебі ҚФФ жарғысына сәйкес, бас хатшы федерациядағы көптеген мәселелерге жетекшілік етеді және құжаттарға қол қою құқығына ие.

Айта кетейік, атқарушы комитет құрамына ҚФФ президенті Марат Омаров, сондай-ақ белгілі кәсіпкерлер Михаил Ломтадзе, Тимур Турлов, Қайрат Боранбаев, Қайрат Оразбеков және футбол саласының өкілдері кіреді.

Давид Лория 2025 жылдың 2 сәуірінде ҚФФ бас хатшысы қызметіне тағайындалған болатын. Ол – Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы, ұлттық құрама сапында 46 матч өткізген. Сондай-ақ UEFA MIP бағдарламасының түлегі.

Алдын ала мәлімет бойынша, ҚФФ бас хатшысының міндетін уақытша Александр Кеплин атқарады.

Бұған дейін федерация құрылымында вице-президент қызметін қайта енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны туралы ақпарат тараған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам