Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бас хатшылықтан кеткен Давид Лория федерацияда жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін – БАҚ

19.03.2026, 12:43

Ол басқа жауапты қызмет атқаруы мүмкін. 

Бас хатшылықтан кеткен Давид Лория федерацияда жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін – БАҚ
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының экс-капитаны әрі ел спортының белгілі өкілдерінің бірі Давид Лория ҚФФ құрылымынан толық кетпейді. Бұл туралы инсайдерлік ақпаратқа сүйене отырып sportarena.kz хабарлайды.

Осыдан бірер күн бұрын ғана Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен босатылған Лория ұйымнан шеттетілмейді. Қайта оған федерация ішінде басқа жауапты қызмет ұсынылуы мүмкін.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұлттық құраманың бұрынғы қақпашысы ҚФФ вице-президенті қызметіне тағайындалуы ықтимал.

Осылайша, Лория футбол құрылымындағы жұмысын жалғастырып, жаңа лауазымда федерацияның дамуына үлес қосуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін ҚФФ бас хатшысы қызметін атқарған Давид Лория бұл лауазымнан онлайн дауыс беру арқылы босатылғаны хабарланған болатын.

Ол бұл қызметке 2025 жылдың 2 сәуірінде тағайындалған еді.

Футболшы ретінде Давид Лория Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 46 матч өткізген. Сондай-ақ ол «Астана», «Ертіс» және басқа да клубтарда ойнап, ұлттық құраманың капитаны болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам