Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қалмырза алаңнан қуылды: Украина Қазақстан жастарын тас-талқан етіп ұтты

28.03.2026, 17:40

Іріктеу Румынияда өтіп жатыр.

Қалмырза алаңнан қуылды: Украина Қазақстан жастарын тас-талқан етіп ұтты
instagram.com/kallmurza

Румынияның Буфта қаласында 19 жасқа дейінгі құрамалар арасындағы Еуро-2026 турнирінің элиталық іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Украина құрамалары кездесті.

Матчты нидерландтық төреші Джоуи Коэй бастаған қазылар бригадасы басқарды.

Қазақстан U-19 құрамасы ойынға мына құраммен шықты: Қалмырза, Ташпулатов, Базарбаев, Жексенбек, Қалиев, Қалиқұлов, Бекболат, Махаметжан, Петрик, Тұяқбаев, Бірқұрманов.

Кездесу алғашқы минуттардан-ақ тартысты өрбіді. Екі команданың да деңгейі шамалас көрінді. Алайда 30-минутта матч тағдырын өзгерткен сәт тіркелді: қақпашы Шерхан Қалмырза айып алаңы сыртында қарсылас шабуылшысын өрескел тоқтатқаны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Оның орнына қақпаға Саятхан Құсайынов шықты.

Сан басымдығын тиімді пайдаланған Украина құрамасы бірінші тайм аяқталар тұста есеп ашты. 44-минутта Владислав Тютюнов мергендік танытып, өз командасын алға шығарды.

Екінші таймда қазақстандық жастар барынша қарсылық көрсеткенімен, қарсылас басымдығын арттыра түсті. Алдымен Александр Каменский есепті 2:0-ге жеткізсе, матчтың соңына қарай Дмитрий Богданов үшінші голды соғып, ойын нүктесін қойды - 3:0.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы элиталық кезеңнің алғашқы турында күтпеген жерден алаң иесі Румынияны 2:0 есебімен жеңіп, жанкүйерлерді қуантқан еді.

Енді Сергей Лабодовский шәкірттері 31 наурыз күні Солтүстік Ирландия жасөспірімдер құрамасымен кездеседі. Уэльсте өтетін Еуро-2026 финалдық кезеңіне топ жеңімпазы ғана жолдама алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам