Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Абат Айымбетов еуропалық клуб сапында гол соқты

28.03.2026, 21:17

Матч 3:0 есебімен аяқталды.

Абат Айымбетов еуропалық клуб сапында гол соқты
instagram.com/fcpetrolul.official

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Румынияның «Петролул» клубы сапында нәтижелі ойынын өткізді.

Плоешти қаласының командасы жолдастық кездесуде «Волунтаримен» кездесіп, 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Айымбетов матчты негізгі құрамда бастап, бірінші таймда қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Клубтың баспасөз қызметі бұл нәтиже туралы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, үзіліске дейінгі басымдықты атап өтті.

«Волунтаримен» өтіп жатқан жолдастық матчтың бірінші таймынан кейін екі доп айырмасымен алда келеміз. Гол авторлары - Серджиу Ханка мен Абат Айымбетов!» - деп жазды клуб өкілдері.

Ойын қорытындысын бойынша «Петролул» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, Абат Айымбетов румыниялық клубқа 2026 жылдың ақпан айында ауысқан болатын. Содан бері ол Румыния чемпионатында дебют жасап үлгерді. Алайда ұлттық құраманың жиындарына шақырту алған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам