Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Финалиссимaдағы дау: Аргентина кездесу өткізбей-ақ чемпион атанды

28.03.2026, 22:23

Финал бастапқыда Катарда өтуі тиіс еді.

Финалиссимaдағы дау: Аргентина кездесу өткізбей-ақ чемпион атанды
Reuters

КОНМЕБОЛ президенті Алехандро Домингес Аргентина мен Испания құрамалары арасындағы Финалиссимa-2026 матчының өтпей қалуына байланысты күтпеген мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Еуропа чемпионаты мен Америка кубогының жеңімпаздары кездесуі тиіс ойынның өтпейтіні айтылған. Матч бастапқыда Катарда ұйымдастырылуы керек еді, алайда Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайға байланысты ол кейінге шегерілді. Сөйте тұра тараптар кездесу өтетін орын бойынша ортақ келісімге келе алмай, ойын өтпейтін болды.

Осы жағдайдан кейін КОНМЕБОЛ басшысы Алехандро Домингес Аргентина құрамасын турнир жеңімпазы деп жариялады.

«Аргентина - Финалиссиманың екі дүркін чемпионы. Испания ойынға келген жоқ», - деді ол.

Бұл сөздер Испания футбол федерациясының наразылығын туғызды. Ұйым басшысы Рафаэль Лусан бұл пікірді әзілге балап, испан тарапы матчты өткізуге толық дайын болғанын айтты.

«Бұл әзіл шығар деп ойлаймын. Испания бұл ойынды өткізу үшін барын салды. Біз ешқандай шарт қойған жоқпыз. Егер қарсы тараптың қызығушылығы болмаса, оған біздің қатысымыз жоқ. Қалай болғанда да біз бір күні бәрібір кездесеміз немесе әлем чемпионатында жолығармыз», - деді Лусан.

Осылайша, Финалиссимa-2026 төңірегіндегі жағдай екі футбол ұйымы арасындағы шиеленісті күшейтіп отыр.

Еске салайық, Аргентина 2022 жылы Лондонда өткен Финалиссимада Италияны 3:0 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам