Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Ақтөбе» футбол клубының басшысы ауысты

22.04.2026, 16:40

Арман Оспановтың өкілеттігі тоқтатылды

«Ақтөбе» футбол клубының басшысы ауысты
әлеуметтік желі

«Ақтөбе» футбол клубы басқарма төрағасы қызметіне Бақытбек Дүзелбаевтың тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді.

Клуб хабарламасында бұл шешім команданың даму бағытын қайта жүйелеп, нәтижесін жақсарту мақсатында қабылданғаны атап өтілген.

Осылайша, бұған дейін басқарма төрағасы болған Арман Оспановтың өкілеттігі тоқтатылды. Клуб бұл өзгерісті соңғы матчтардағы нәтижелерге жасалған талдаумен байланыстырды.

Айта кетейік, жаңа маусым қарсаңында «Ақтөбе» қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Артықбаевтың иелігіне өтіп, басқару құрылымында өзгерістер жасалған еді. Алайда ҚПЛ-2026 маусымының алғашқы алты турында команда небәрі жеті ұпай жинап, турнир кестесінде 10-орынға тұрақтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам