Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

45 млн адам Килиан Мбаппенің «Реал Мадридтен» кетуін талап етті

Бүгін, 13:10

Mbappe Out петициясы қысқа уақыт ішінде үлкен резонанс тудырды

45 млн адам Килиан Мбаппенің «Реал Мадридтен» кетуін талап етті
Getty Images

Килиан Мбаппенің төңірегіндегі дау басылар емес. Бұл жолы «Реал Мадрид» жанкүйерлері француз шабуылшысын командадан кетіруді талап етіп, жаппай петиция ұйымдастырды.

Әлеуметтік желіде тараған Mbappe Out петициясы қысқа уақыт ішінде үлкен резонанс тудырды. Алғашында бастама авторлары 200 мың қол жинауды мақсат еткен. Алайда бұл көрсеткіш бірнеше жүз есе асып түсіп, петицияны қолдағандар саны 45 миллионнан асты.

Петиция авторлары мадридтік жанкүйерлерді клубтың болашағы үшін үн қосуға шақырып, «егер өзгеріс қажет деп санасаңыз, үнсіз қалмаңыз» деген үндеу жариялаған.

Соңғы айларда Килиан Мбаппенің аты «Реалдағы» түрлі даумен жиі байланыстырылып жүр. Испаниялық БАҚ-тың мәліметінше, команда ішіндегі кей ойыншылар француз жұлдызының өзіне тым көп назар аударатынына наразы. Сондай-ақ оған клубта өзгелерге қарағанда көбірек еркіндік беріледі деген әңгіме де көбейген.

Жарақатынан айығып жүрген кездегі әрекеті де жұрттың ашуын туғызды. Дәрігерлер футболшыны ем қабылдап, жаттығудан шеттеткенімен, арада көп уақыт өтпей Мбаппе Италияда демалып жүрген жерінен көзге түскен. Бұл жағдай клуб ішінде тәртіпке салғырт қарау және командаға толық берілмеу ретінде қабылданғаны айтылады.

Бұдан бөлек, жанкүйерлер мен сарапшылар Килиан Мбаппені «Реалдағы» бапкерлердің жиі ауысуына да жанама түрде әсер етті деп айыптап жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам