Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Жаттығуда төбелес шығарған «Реал Мадрид» футболшылары жазаланды

Бүгін, 15:19

Екі футболшының әрқайсысына 500 мың еуро көлемінде айыппұл салынған

Жаттығуда төбелес шығарған «Реал Мадрид» футболшылары жазаланды
© Europa Press Sports / Contributor / Europa Press

«Реал Мадрид» клубының жартылай қорғаушылары Федерико Вальверде мен Орельен Тчуамени жаттығу кезіндегі жанжалдан кейін ірі көлемде айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, екі футболшының әрқайсысына 500 мың еуро көлемінде айыппұл салынған. Осылайша, жалпы санкция көлемі 1 миллион еуроға жеткен.

Сонымен қатар клуб ойыншыларға спорттық жаза қолданбау туралы шешім қабылдаған. Бұған олардың болған жағдайдан кейін кешірім сұрауы себеп болғаны айтылды.

Бұған дейін испаниялық БАҚ «Реал» жаттығуы кезінде екі ойыншы арасында төбелес шыққанын хабарлаған еді. Мәліметке сәйкес, жанжал барысында Орельен Тчуамени командаласына соққы жасап, нәтижесінде Федерико Вальверде құлап, басын қатты соғып алған.

Кейін мадридтік клуб Вальверденің бас-ми жарақатын алғанын ресми түрде растады. Дәрігерлердің болжамынша, ол шамамен екі апта алаңға шыға алмайды.

Осылайша «Реал Мадридтың» негізгі ойыншыларының бірі Испания чемпионатының 35-туры аясындағы Барселонаға қарсы маңызды кездесуді өткізіп алады. Матч 10 мамыр күні өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам