Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Дэвид Бекхэм Ұлыбритания тарихындағы алғашқы миллиардер спортшы атанды

15.05.2026, 22:35

Оның байлығы 1,185 миллиард фунт стерлингке (шамамен 1,6 миллиард доллар) жеткен

Дэвид Бекхэм Ұлыбритания тарихындағы алғашқы миллиардер спортшы атанды
Getty Images

2026 жылғы ең бай британдықтар рейтингінде бұрынғы футболшы мен оның жары Виктория Бекхэмнің ортақ байлығы 1,185 миллиард фунт стерлингке (шамамен 1,6 миллиард доллар) жеткені айтылды.

Sunday Times мәліметінше, Бекхэм отбасының капиталына ең үлкен өсім әкелген бағыттардың бірі – жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялар мен Inter Miami CF клубындағы үлесі.

Қазіргі таңда Бекхэмнің MLS лигасында өнер көрсететін «Интер Майамидегі» үлесі шамамен 300 миллион фунтқа бағаланады. Ал клубтың жалпы құны 1,45 миллиард долларға жетіп, MLS тарихындағы ең қымбат команда атанған.

Сонымен қатар, ағылшын футболының аңызы Adidas және Hugo Boss сияқты әлемдік компаниялардың амбассадоры ретінде де қомақты табыс табады.

Бекхэмдер отбасы элиталық жылжымайтын мүлікке де ірі қаржы салған. Олардың Майамидегі зәулім үйі 60 миллион фунтқа бағаланса, Лондондағы тарихи Holland Park ауданындағы резиденциясының құны 50 миллион фунтқа жетеді. 

Рейтингтегі спорт саласындағы ең бай адам ретінде Бекхэм тек Берни Экклстоун отбасынан ғана қалып қойды. Экклстоундар әулетінің байлығы 2 миллиард фунтқа бағаланған.

51 жастағы Дэвид Бекхэм кәсіби мансабында «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид», «Лос-Анджелес Гэлакси», «Милан» және «Пари Сен-Жермен» клубтарында өнер көрсетті. сапында өнер көрсетті.

Ол «Манчестер Юнайтед» құрамында алты мәрте Англия чемпионы атанып, екі рет Англия Кубогын жеңіп алды және 1999 жылы Чемпиондар лигасының жеңімпазы болды.

Англия ұлттық құрамасының сапында 115 матч өткізіп, 17 гол соққан Бекхэм футболдағы мансабын 2013 жылы аяқтаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам