Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Букмекерлік жарнама салдарынан «Тобыл» – «Ордабасы» кездесуі бірнеше сағатқа кешікті

21.02.2024, 22:26

Қос команда 100 млн теңгені сарапқа салды

Букмекерлік жарнама салдарынан «Тобыл» – «Ордабасы» кездесуі бірнеше сағатқа кешікті
instagram.com/pflkaz/

Түркияда өтіп жатқан 1XBET Winter Cup қысқы кубогінің финалына шыққан «Тобыл» мен «Ордабасы» арасындағы кездесуге түріктер тыйым салуы салдарынан, матч бірнеше сағатқа кеш басталды деп хабарлады Meta-ratings.kz.

Түркия өкілдерінің мұндай қадамға баруына букмекерлік кеңсенің жарнамасы себеп болған. Елде оған тыйым салынған көрінеді. Сондай-ақ, жергілікті судьяларға да матчқа төрелік етуге тыйым салынған.

Соның салдарынан Астана уақытымен 20:30-ға жоспарланған ойын кешігіп басталды.

Нәтижесінде, 90 минут бойы жеңімпазды анықтай алмаған командалар матч соңынан кейінгі пенальти тебісіп, 7:6 есебімен «Ордабасы» жеңіске жетті. Тиісінше, жүлде қорындағы 100 миллион теңгенің 60 миллионын шымкенттік клуб иеленсе, 40 миллионы «Тобылға» бұйырды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам