Су тасқыны: футболшылар ақша жинады ма? "Реал" базасында Зиданмен бірге жаттықтық

«Ордабасыны» чемпион етуге атсалысқан Ұлықбек Асанбаев қызметінен кетеді

22.02.2024, 15:41

Оның айтуынша, клуб басшылары команданың алдына ешқандай мақсат қоймаған

«Ордабасыны» чемпион етуге атсалысқан Ұлықбек Асанбаев қызметінен кетеді
KazFootball.kz

«Ордабасы» футбол клубын чемпиондыққа жеткізген басшылардың бірі Ұлықбек Асанбаев қызметінен кетпекші. Бұл туралы белгілі менеджердің өзі Meta-ratings сайтына берген сұхбатында айтып, клубтағы проблемаларды жайып салды.

«Менің міндетіме клубтағы селекция мәселесі кіреді. Осыған маман ретінде жауап беремін. Селекцияның дұрыс құрылуына байланысты қазір комагда ел чемпионатында жақсы өре көрсетіп, еурокубок ойындарында ел намысын лайықты түрде қорғайды.

Алайда, мен нақты тапсырма болмаса жұмыс істемейтін адаммын. Командаға әлі күнге алдағы маусымға нақты тапсырма қойылған жоқ. Мұндай мақсатсыз жерде жұмыс істеудің мәнін көріп тұрған жоқпын. Мысалы, «Шахтер», «Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтарында бұған дейін нақты мақсат болды. Нәтижесінде біз соған жете алдық. Мысалы, Қазақстан кубогы мен чемпионатын алып қарауға болады. 2022 жылы біз кубокты аз ғана бюджетпен шетелдегі оқу-жаттығу жиындарына қатысып жүріп иелендік. Қазір клубтағы жағдай жақсарды. Мысалы, Шымкенттің әкімі Ғабит Сапарбеков 15 қаңтарға дейін «Ордабасының» мойнындағы қарыздарын төлеуге көмектесті. Бұл «Ордабасыға» алдағы чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдеріне қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қаланың бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің де еңбегі ерен. Оған да осы үшін алғыс айтқым келеді», - деді ол. 

Бұдан бөлек, Ұлықбек Асанбаев алдағы жоспарымен бөлісті.

«Бәрін уақыт көрсетеді. Соңғы екі жылда мен көп күш жұмсап, жүйкем де сыр бере бастады. Жақындарым мен туыстарымды өте сирек көрдім. Уақытты да аз бөлдім. «Ордабасы» дамуын жалғастырады деп сенемін. Мен клубтың құрамы мен оның түпкілікті нәтижесіне жауап беремін. Ал менеджмент пен басшылық менің міндетіме кірмейді. Футболдан тыс тақырыптар мені қызықтырмайды. Тек футболшыларға ғана жауап беріп, қысқы маусымағы құрамның толығуына мүдделімін», - деді футбол маманы.

Ол клубқа қайтып келу туралы мәселеге жауап берді. Ұлықбек Асанбаев оны қала әкімдігінің клубқа қатысты жоспарына байланысты болатынын атады.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі. http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт