Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Менің балаларым, менің қаһармандарым»: Өзбекстан президенті футболшыларға үн қатты

Бүгін, 18:36

Шавкат Мирзиеев ұлттық құраманың өнеріне жоғары баға берді

«Менің балаларым, менің қаһармандарым»: Өзбекстан президенті футболшыларға үн қатты
әлеуметтік желі

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев футболдан әлем чемпионатындағы алғашқы матчтан кейін ұлттық құраманың өнеріне жоғары баға берді.

Өзбекстандықтар мундиальдегі дебюттік кездесуінде Колумбия құрамасына 1:3 есебімен есе жібергенімен, мемлекет басшысы команданың көрсеткен ойыны мен мінезін ерекше атап өтті.

«Бұл – Өзбекстан үшін тарихи күн. Өте тартысты әрі шиеленіске толы ойында біздің футболшылар әлем чемпионатындағы алғашқы матчында тәжірибелі қарсыласқа қарсы мықты мінез көрсетті. Бұл оңай болған жоқ», – деді Мирзиеев.

Президенттің айтуынша, ел футболы 34 жыл күткен тарихи жетістікке қол жеткізді.

«34 жылдан кейін біз көптен күткен сәт келді. Сондықтан футболшыларымыздың қайсарлығы, физикалық дайындығы мен жеңіске деген жігері ерекше құрметке лайық. Әлем чемпионаттарындағы алғашқы голымыздың өзі – жеңіс», – деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар Мирзиёев ұлттық құраманың ойыншыларын «қазіргі Өзбекстанның нағыз қаһармандары» деп атады.

«Алдымызда әлі талай мүмкіндік бар екенін көрдіңіздер. Менің балаларым, менің қаһармандарым өздерінің үлкен жетістіктерге қабілетті екенін дәлелдеді. Оларға тек сәттілік тілеймін. Алға, Өзбекстан!» – деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы әлем чемпионаттарындағы алғашқы кездесуінде тарихи гол соқты. Команданың мундиальдердегі тұңғыш голының авторы Аббосбек Файзуллаев болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам