Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Иран футболшылары АҚШ-тан шұғыл кетуге мәжбүр болды

Бүгін, 11:00

Ұлттық құрама АҚШ аумағында тек ойын күндері ғана бола алады

Иран футболшылары АҚШ-тан шұғыл кетуге мәжбүр болды
Richard Heathcote / Getty Images

Футболдан Иран құрамасының бас бапкері Амир Галенои әлем чемпионаты кезіндегі визалық шектеулерге байланысты команда қиын жағдайда қалғанын мәлімдеді.

Бапкердің айтуынша, Иран футболшыларына Бельгиямен өткен матчтан кейін АҚШ аумағынан кетуге бірнеше сағат қана берілген. Лос-Анджелестегі кездесуден соң команда толыққанды демалып үлгермей, әуежайға аттануға мәжбүр болған.

«Біз ұшып кетуіміз керек», – деді Галенои матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Иран құрамасы Бельгиямен ойында тең нәтиже көрсетті. Алайда бас бапкердің сөзінше, алаң сыртындағы жағдай футболшылардың дайындығына айтарлықтай әсер еткен. Ол команданың матчқа дейін небәрі 16 сағат қана дайындалуға мүмкіндігі болғанын айтып, мұндай қысқа уақыт ішінде сапалы дайындық жүргізу өте қиын екенін жеткізді.

Галенои Иран құрамасы турнирдегі ең күрделі жағдайлардың біріне тап болғанын атап өтті. Оның айтуынша, жиі ұшу, шектеулі уақыт және демалыстың аздығы футболшылардың физикалық әрі психологиялық жағдайына салмақ түсірген.

БАҚ мәліметінше, Бельгиямен матч аяқталғаннан кейін шамамен екі жарым сағаттан соң Иран құрамасының автобусы стадионнан шыққан. Команда полицияның сүйемелдеуімен бірден әуежайға бет алған.

Иран тарапының мәлімдеуінше, ұлттық құрама АҚШ аумағында тек ойын күндері ғана бола алады. Сол себепті әр матчтан кейін команда Штаттардан кетіп, келесі ойын алдында ғана қайта оралуға мәжбүр.

Reuters мәліметінше, Иран құрамасы турнир кезінде Мексикадағы Тихуана қаласында орналасқан. АҚШ-тағы матчтарға байланысты команда шектеулі тәртіппен қатынап жүр. Ал ESPN ақпараты бойынша, Иран футбол федерациясы бұл жағдайға байланысты ФИФА-ға ресми шағым түсіруді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Иран құрамасы топтық кезеңдегі келесі кездесуін Египетке қарсы өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам