Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Өзін көрсете алмады»: Шотландияда Ислам Чесноковқа қатысты сын айтылды

Бүгін, 15:13

Ол «Тобыл» сапына қайта қосылуы мүмкін

«Өзін көрсете алмады»: Шотландияда Ислам Чесноковқа қатысты сын айтылды
Malcolm Mackenzie/Getty Images

Шотландиялық «Хартс» клубының тыныс-тіршілігін тұрақты түрде жариялап отыратын GorgieTalk парақшасы қазақстандық футболшы Ислам Чесноковтың мансабына қатысты пікір білдірді.

Дереккөздің мәліметінше, вингердің Қазақстанға оралып, бұрынғы клубы «Тобылдың» сапына қайта қосылуы мүмкін.

«Ислам Чесноковтың жақын арада еліне оралатыны туралы ресми хабарлануы мүмкін. Оған алдағы мансабында сәттілік тілейміз. Өкінішке қарай, ол шотланд футболында өзін толық көрсете алмады», – деп жазды GorgieTalk.

Еске салсақ, қазақстандық футболшы өткен маусымның ортасында «Тобылдан» «Хартсқа» ауысқан болатын. Алайда ол негізгі құрамнан тұрақты орын ала алмады.

Қазіргі уақытта Чесноковтың Қостанай клубына қайта оралу ықтималдығы жоғары. Сонымен қатар ойыншының жағдайын «Ордабасы» клубы да бақылап отыр.

Ислам Чесноков «Хартс» сапында барлық турнирде 11 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам