Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Давид Лория жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін, 16:23

Давид Лория «Жеңістің» жаңа бас директоры атанды

Давид Лория жаңа қызметке тағайындалды
ҚФФ

Астаналық «Жеңіс» футбол клубы кадрлық өзгеріс туралы ресми түрде хабарлап, Давид Лорияның клубтың бас директоры қызметіне тағайындалғанын жариялады.

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория үшін бұл тағайындау туған клубына қайта оралумен тең. Ол – Астана қаласының тумасы, «Жеңістің» түлегі және елордалық клуб сапында Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған футболшы.

Клуб мәліметінше, Давид Лория 2021 жылы басталған «Жеңістің» қайта жаңғыруына тікелей атсалысқан тұлғалардың бірі болды. Енді ол бас директор қызметінде Айдын Қожахметтің орнын басады.

Ал осы уақытқа дейін клубты басқарған Айдын Қожахмет «Жеңіс» құрылымынан кетпейді. Ол өз жұмысын атқарушы директор лауазымында жалғастырады.

Айта кетейік, ол бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам