Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Нұралы Әліп халықаралық MBA дәрежесін иеленді

Бүгін, 09:29

26 жастағы футболшы әлеуметтік желіде мантиямен түскен суретін жариялады

Нұралы Әліп халықаралық MBA дәрежесін иеленді
instagram.com/nurik028

Қазақстан құрамасы мен Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп MBA (Master of Business Administration) дәрежесін иеленді.

26 жастағы футболшы әлеуметтік желіде мантиямен түскен суретін жариялап, Ақтаудағы жоғары оқу орнынан алған бизнес пен менеджмент саласындағы халықаралық MBA бағдарламасының қызыл дипломын көрсетті. Салтанатты сәтте оның жанында жұбайы Әйгерім мен қызы болды.

«2 диплом МВА», – деп жазды Нұралы Әліп жариялаған сторисінде.

Айта кетейік, өткен маусымда қазақстандық қорғаушы «Зенит» сапында төртінші рет Ресей Премьер-лигасының чемпионы атанды. Оның клубпен жасасқан келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Сонымен қатар Нұралы Әліп Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам