Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Астананың» бюджеті 11 млрд-тан 3 млрд теңгеге дейін қысқарған

Бүгін, 13:29

Бекенов 4-5 жыл бұрын «Астананың» жылдық бюджеті 10-11 миллиард теңгені құрағанын айтты

«Астананың» бюджеті 11 млрд-тан 3 млрд теңгеге дейін қысқарған
ФК "Астана"

«Астана» футбол клубының бұрынғы бас директоры Қайсар Бекенов клубтың қазіргі қаржылық жағдайы, бюджеттің қысқаруы және меншік иесінің ауысуына қатысты пікір білдірді.

Оның пікірінше, клубты сату процесінің жүзеге аспауына байланысты мемлекеттік құрылымдарды кінәлау дұрыс емес. Бекенов қазіргі жағдайдың объективті себептерден туындағанын атап өтті.

«Мен бұл жағдайда кінәлілерді іздеу дұрыс деп ойламаймын. Жағдай объективті себептерге байланысты осылай қалыптасты. Министрдің мүмкіндігі мен әкімшілік ресурсы облыс әкімдерімен салыстыруға келмейді, өйткені олардың ықпал ету тетіктері әлдеқайда көп. SportQory қорының да бюджеттік міндеттемелері шектеулі. Бұған қоса, соңғы жылдары спортты қаржыландыруға қатысты заңнамада өзгерістер болды. Клубтың қарызы — бюджетінің айтарлықтай қысқаруының табиғи нәтижесі. Бұл туралы көп айтыла бермейді, бірақ өте маңызды фактор», - деді Бекенов KazFootball.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Бұрынғы бас директордың айтуынша, клуб ойыншыларды сату арқылы қарыз көлемін азайта алған. Ол қазіргі берешекті аса үлкен деп бағаламайтынын жеткізді.

Бекенов 4-5 жыл бұрын «Астананың» жылдық бюджеті 10-11 миллиард теңгені құрағанын айтты. Ал биыл клубтың «Самұрық-Қазына» тарапынан бекітілген қаржыландыру көлемі 3 миллиард теңге болған.

«Ресми инфляцияны ғана ескерсек, қазіргі 3 миллиард теңге бес жыл бұрынғы шамамен 1,8 миллиард теңгеге тең болар еді. Яғни клуб бюджеті номиналды түрде 3-3,5 есе, ал нақты мәнінде 5-6 есе қысқарды», - деді ол.

Сонымен қатар Бекенов демеуші қаражатының әртүрлі спорт жобалары арасында бөлінуіне де назар аударды.

Оның айтуынша, биыл хоккей клубы «Барыстың» бюджеті 9 миллиард теңге деңгейінде сақталса, «Астана» велокомандасының бюджеті де өткен жылғы көлемде, яғни 6 миллиард теңге шамасында қалған.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әр құрылтайда елде футболды дамыту маңызды екенін айтып жүр. Соған қарамастан, үнемдеуді дәл осы спорт түрінен бастағандай әсер қалдырады. Ал хоккей мен велокомандаға бөлінетін қаржы сақталып отыр», - деді Бекенов.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам