Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ресми: Ислам Чесноков «Тобылға» қайта оралды

Бүгін, 19:27

Келісімшарт 2028 жылдың соңына дейін есептелген

Ресми: Ислам Чесноков «Тобылға» қайта оралды
Instagram.com/fctobol

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков қайтадан Қостанайдың «Тобыл» клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.

Тараптар 2028 жылдың соңына дейін есептелген ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Осылайша, 25 жастағы футболшы бір жылдан кейін қайтадан қостанайлық клуб сапына оралды.

Еске салайық, өткен жылы Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысып, еуропалық футболда бақ сынаған болатын. Ол шотландиялық команда құрамында барлық турнирде 11 матч өткізіп, өз шеберлігін көрсетті.

Чесноков бұған дейін «Тобыл» сапында 2023-2026 жылдар аралығында өнер көрсетіп, команданың негізгі көшбасшыларының біріне айналды. Осы кезеңде ол жоғары нәтижелілігімен көзге түсіп, Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі ойыншыларының қатарынан орын алды.

Сондай-ақ жартылай қорғаушы «Тобылмен» бірге Қазақстан Кубогын жеңіп, Қазақстан Суперкубогын иеленді. Бұған дейін қостанайлық клуб сапында жалпы 92 матч өткізген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам