Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Аргентиналық футболшының отбасы жер сілкінісінен қаза тапты

Бүгін, 19:43

Футболшы үш тәулік бойы отбасын іздеген

Аргентиналық футболшының отбасы жер сілкінісінен қаза тапты
Әлеуметтік желі

Аргентиналық қорғаушы Лукас Трехоның отбасы Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапты. Құтқарушылар футболшының жұбайы Янина Маранелла мен екі баласының – ұлы Аарон және қызы Аинхоаның денелерін үйінді астынан 74 сағатқа созылған іздеу жұмыстарынан кейін тапты. 

Қайғылы оқиға 24 маусым күні Венесуэланың Яракуй штатында магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер сілкінісі болған кезде орын алды. Сол сәтте жергілікті екінші дивизионның «Маритимо де Ла-Гуайра» клубында өнер көрсететін Лукас Трехо командасымен бірге Каракаста матчқа дайындалып жатқан. Ал оның отбасы тұрған Ла-Гуайрадағы көпқабатты тұрғын үй толықтай қираған.

Футболшы үш тәулік бойы жақындарын тірі табудан үмітін үзбей, құтқару жұмыстарына қатысып, әлеуметтік желілер арқылы көмек сұрады. Алайда іздестіру операциясы аяқталған соң оның жұбайы мен екі баласының қаза тапқаны расталды.

Қайғылы хабардан кейін «Маритимо де Ла-Гуайра» клубы, Трехоның бұрынғы командалары және Оңтүстік Америка футбол қауымдастығы ойыншыға көңіл айтты. Аргентиналық қорғаушы биыл ақпан айында Венесуэла клубына ауысқан болатын. Бұған дейін ол Аргентина, Грекия, Перу, Колумбия және АҚШ чемпионаттарында өнер көрсеткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам