Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

СЕНСАЦИЯ! Германия Парагвайдан жеңіліп, Әлем чемпионатынан ұшып кетті

Бүгін, 04:39

Кездесу жеңімпазы пенальти сериясында анықталды

СЕНСАЦИЯ! Германия Парагвайдан жеңіліп, Әлем чемпионатынан ұшып кетті
Getty Images

Футболдан Әлем чемпионатының басты сенсациясы тіркелді. 1/16 финалда әлемнің төрт дүркін чемпионы Германия құрамасы Парагвайдан жеңіліп, мундиальды ерте аяқтады.

Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталған. Бірінші тайм соңында (42-минут) Парагвай сапынан Хулио Энсисо есеп ашса, 54-минутта Кай Хаверц таразы басын теңестірді. Жанкүйерлер мұнан кейін «неміс машинасы» оталды деп ойлағанымен, Германия футболшылары Гилл күзеткен қақпадан қайта саңлау таба алмады.

Отыз минуттық экстра таймда да командалар гол соға алған жоқ. Ал, матч соңында болған пенальти сериясында Парагвай 4:3 есебімен жеңіп кетті. Германия сапынан Кай Хаверц, Ник Вольтемаде және Джонатан Та 11 метрден қақпаға гол дарыта алған жоқ.

Айта кететін бір жайт, Германия құрамасы 1976 жылдан бері пенальти сериясында жеңіліп көрмеген. Сәтсіздік тура 50 жылдан кейін қайталанды.

Еске салайық, бұған дейін әлемнің бес дүркін чемпионы Бразилия құрамасы Жапонияны 2:1 есебімен әзер жеңген болатын. Жеңіс голын Мартинелли 95-минутта соғып кетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам