Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Бәріміз кетеміз»: Бабаян «Астананың» жағдайы мүшкіл екенін айтты

Бүгін, 13:32

Бас бапкер команданың жаңа ойыншыларға мұқтаж екенін ашық айтты

«Бәріміз кетеміз»: Бабаян «Астананың» жағдайы мүшкіл екенін айтты
Әлеуметтік желі

«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян команданың трансферлік жоспары мен алдағы маусымдағы жағдайы туралы пікір білдірді.

Елордалық клуб жаңа маусымда УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіне дайындық жүргізіп жатыр. Осыған байланысты журналистер Бабаяннан команданың құрамын күшейту және ықтимал ойыншылардың кетуі туралы сұрады.

Бас бапкер бұл сұраққа әзілмен жауап бергенімен, команданың жаңа ойыншыларға мұқтаж екенін ашық айтты.

– Трансферлер болады ма, әлде командадан кететіндер бар ма?

– «Трансферлерге келсек, нақты айта алмаймын. Бірақ бізге кем дегенде 8–10 жаңа футболшы қажет. Ал кім кететінін білмеймін… Мүмкін, бәріміз кетеміз. Күтеміз», – деді Бабаян күліп.

Айта кетейік, «Астана» 2026/27 жылғы маусымда Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Албанияның «Динамо Сити» клубымен кездеседі. Алғашқы матч 10 шілдеде Тиранада өтсе, қарымта ойын 16 шілдеде «Астана Аренада» ұйымдастырылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам